Қала әкімі Ермек Амантайұлы Ораза айтының алғашқы күні Талдықорған қаласындағы «Нұр» орталық мешітке келіп, Ораза айт мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде жиылған жамағатқа отыз күн оразадан кейін сүйіншілеп келген ораза айт мерекесіне аман-есен жеткен мұсылман қауымына отбастарына амандық, ел іргесі берік, Тәуелсіз Қазақ елінің өркендеп өсуіне Жаратқаннан тілеген дұғаларыңыз қабыл, ынтымақ пен береке бастауы болған ораза айт құтты болсын! – деп, тілегін арнады. Бұл мереке біз үшін айтулы мейрамдардың бірі және ізгілік пен бақыттың мерекесі екенін тілге тиек етіп, келер жылы да ораза айтта аман-есен қауышуды Алладан тіледі. Көп ұлтты елімізде дінаралық ынтымақтың жарасым тауып, әр адам өзінің тіліне, дініне, нәсіліне қарамастан, емін – еркін өмір сүріп жатқаны жақсылықтың нышаны. Қоғамымызда осынау тұрақтылықтың сақталуына ислам діні де өзінің лайықты үлесін қосып отыр, – деді қала әкімі.
Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы мұсылман жамағатын ұлық мерекемен құттықтап, ислам дінінің құндылықтары мен ораза айттың әдептері жайында уағыз айтты.
Айт намазы кезінде адамдар бір-бірін құттықтап, игі тілектер тілеп жатты. Бұл да болса, ислам дінінің ізгілігін көрсетсе керек.
ҚМДБ Талдықорған
өңірі бойынша
баспасөз қызыметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.07.2014
3265
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру