Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшелері Қызылжарда

18.06.2014 3465 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Мақсатбек Қайырғалиев пен Бауыржан Отарбаев Солтүстік Қазақстан облысында өз жұмысын бастады. Ең алдымен РАНТ мүшелері Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде имамдармен кездесіп, атқарылатын іс-шаралар жоспарымен танысты. Петропавл қалалық ЕС 164/3 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті. РАНТ мүшелері облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде мұсылмандар арсында сүйіспеншілік, мейірімділік пен бауырмашылдық жайлы уағыз айтты.

Екінші күнгі жоспар бойынша РАНТ және жергілікті ақпарат-насихат тобы мүшелері, оның ішінде жергілікті имамдар, Дін істері басқармасынан өкіл және «Көз жету» ҚҚ-ның басшысы, 2 топқа бөлініп, аудан-ауданда ақпарат-насихат жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, облысымызға қарасты Ғ.Мүсірепов, Айыртау, Уәлиханов, Тайынша, Ақжар аудандарында жергілікті жамағатпен кездесіп, халықты имандылыққа, мейірімділікке үндейтін ғибратты уағыз айтты. 

«Қызылжар» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру