Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Тәрбие мен білім – егіз» жобасы

29.04.2014 3780 0 пікір

«Нұр Астана» орталық мешіті мен қалалық білім және дін істері жөніндегі басқармаларының «Тәрбие мен білім – егіз» жобасының екінші кезеңі жемісті атқарылуда.

Аталмыш жоба аясында Астана қаласы мешіттерінің теологтары қалалық Дін істері жөніндегі басқарма мамандарымен бірлесіп елордалық оқу орындарының жиырмаға жуық студенттік жатақханаларында кездесулер ұйымдастыруда.

Бекітілген кесте бойынша 24 сәуірде Дін істері жөніндегі басқарма инспекторы Еркеш Біржантиев, «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Марат Бектазинов және «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев Астана медицина университеті жатақханасында кездесу өткізіп, студенттердің сауалдарына жауап берді. Кездесу барысында дәстүрімізбен біте қайнасқан ислами құндылықтар, исламдағы ғылымның орны, ата-ананы құрметтеу, қоғамдағы жат ағымдардың қасіреті сынды өткір мәселелер қозғалды. Бір сағатқа созылған мән-мазмұны терең кездесу студенттер жастардың көкейлеріне сенім шырағын жақты.

«Нұр Астана» орталық 
мешітінің баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру