26 наурыз Атырау облысының Индер және Махамбет аудандарында Дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға атсалысатын мамандардың біліктілігін арттыру, мамандар арқылы тұрғындарды сауаттандыру, қоғамның бірлесуі мен тұрақтылығына, рухани имандылық байлығын сақтап, нығайту мақсатында «Дін және мемлекет» атты семинар болып өтті. Семинарға Индер ауданы әкімінің орынбасары А.Х Балахметов, Махамбет ауданы әкімінің орынбасары М.Ж Сейтқалиев қатысты.
Семинар барысында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы, мешітіміздің найб имамы, белгілі теолог Ерсін Әміре, сондай-ақ семинарға арнайы қонақ ретінде шақырылған Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Е.К. Шохаев баяндама жасады. Екі ауданда да семинар барысында Хабар агенттігі дайындаған «Радикализм матрицасы 1-бөлім Табдиғ» бейнефильмі көрсетіліп, семинарға келген қатысушылардың көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарына жауап берілді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.03.2014
3334
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру