Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігімен бірге жалпы және жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы Қорқыт ата университетінің студенттер сарайында «Дін және жастар» атты екі сағат көлемінде конфренция өтті.
Іс-шарада ҚМДБ-ның жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, облысымыздың ардагерлер кеңесінің басшысы Сейілбек Шаухаманов, ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов, жастар саясатының басшысы Жандос Базартайлар жастардың қоғамдағы орнын баса айтып, баяндама оқыды.
Бірінші болып сөз алған Сейілбек ағамыз өзге ұлт өкілдерінің, соның ішінде атақты ғалымдардың, мәселен теориялық физиканың негізін қалаушы Альберт Эйнштейн, орыс халқының жазушысы, ойшылы, ағартушысы, публицист Лев Толстойдың және одан бері көптеген ғалымдарды тізбектей келе, олардың асыл дініміз туралы таңданыстары мен көзқарастарын айтып берді.
Алтынбек Ұтысхан ең алдымен Сыр елінің халқына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізді. Ол: «Ұлттың бүгіні мен келешегі білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлтың рухани құндылықтарын, иман нәрін бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады», - деді. Алмас Өтешов жастарды жігерлі болуға үндеп, қажырлы еңбек етудің маңызды жайттарын сөз етті.
Өкіл имам қонақтар мен жиналған қауымға өз ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта жастарды жақсылыққа үндейтін жиындар әлі талай болатындығын айтты.
Қызылорда облысындағы жалпы және жастар ісі бөлімінің өкілі Жандос Төлепбергенов облыс жастарының атынан үндеу оқыды.
Шара барысында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
«Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра» демекші, кеш соңында қазақтың қара домбырасы мен қоңыр үнді қобызбен дәстүрлі және эстрадалық әндер шырқалды.
облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
Дін және дәстүр
28 қараша күні Қазақ драма театрында «Орал» облыстық орталық мешітінің БҚО бойынша Жалпы және жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен «Дін және Дәстүр» атты облыстық ғылыми конференция өтті.
Сахна шымылдығын қасиетті Құран Кәріммен Орал қалалық «Тулбаев Мухаммед-Гариф» мешітінің найб имамы Мейрамбек Абдрахманов ашты.
«Ислам және жастар» жайында видео роликтер көрсетілді.
Алдымен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Султанов құттықтау тілегін жеткізді.
Іс-шара жұмысына БҚО дін істер басқармасының басшысы Нығметов Талғат, М. Өтемісов атындағы БҚМУ-нің мәдениет және өнер факультетінің деканы Мирам Исатаев, БҚГА студенттерінің «Дәуір» жастар қоғамдық бірлестінің төрағасы, БҚИТУ-нің аға оқытушысы тарих ғылымының магистрі Азамат Кенжегалиев, БҚО бойынша үгіт насихат тобының жетекшісі Қайрат Хасанов, қоғам қайраткерлері, дін жанашырлары, ғалым-ұстаздар мен студенттер қатысты.
Конференция жастардың діни сауатылығын арттыру мақсатында олардың дін саласында болып жатқан қазіргі заман талабына сай мәселелерден жан-жақты хабардар болуы, дін жанашырларымен пікір алмасып, ата-бабамыз аңсаған, сол асыл дініміздің жолында жанын құрбан еткен қаншама алаш азаматтары өз еңбектерінде бізге тайға таңба басқандай еңбектері қаншама десеңші. Дәстүрлі Ислам діні, оның ішінде ханафи бағытын насихаттауға бағытталған өзекті мәселелер бойынша «Жастарды түрлі ағымдардан сақтандыру», «Жат діни ағымдардан студент жастарды қорғау және оның алдын алу жолдары», «Жастарға діни тәрбие беруді жетілдірудің мәселелері», «Исламның жастарға беретін рухани моральдық тәлім тәрбиесі» атты тақырыбында жасалынған баяндамалар тыңдалып, көпшілік болып талқыланды.
Жиылған жамағат арасында сұрақтар қойылып, баяндама жасағандар тұшымды жауаптар қайтарды.
Шара соңында әсем күй орындалды. Болашақта асыл дініміздің құндылықтарын насихаттауда конференциялар, семинарлар, тағылымды кездесулер мен дөңгелек үстемдер аудан, ауылдық жерлерде ұйымдастырылмақ.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.11.2013
5093
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру