«Нарын ауылдық мешіті»

Аякөз ауданы Шынғожа ауылында 2005 жылы жаңадан салынған. Оны кәсіпкер Әлихан Базарбаев 120 адамға арнап тұрғызған. Жерінің аумағы 0,10 га, биіктігі 4 метр, оң жақ қабырғасына жапсарластырып салынған мұнарасының биіктігі 8 метр, 8 терезесі бар. Ғимараттың ауданы 94 шаршы метр, ерлер және әйелдер намаз оқитын бөлмелері, имамға арналған бөлмесі бар. От жағатын орын да қарастырылған. Ауласы темір шарбақпен қоршалған. Еденіне кілем төселген.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019







+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3