Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Хусумуддин ас-Сығанақи атындағы Ислам инстиуты

Хусумуддин ас-Сығанақи атындағы Ислам инстиуты

«Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институты» жеке мекемесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, бастамасымен дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтау және дамыту, конфессияаралық және ұлтаралық қатынастарды бейбітшілік пен келісімді нығайту негізінде 2022 жылы тамыз айында құрылды.

Мекеменің мақсаты, мәні және қызметі. Имамдарға терең білім беру, классикалық еңбектерді оқыту, араб тілін жетік меңгеруіне ықпал ету, діни мәселелерді түсіндіру қабілетін ашу. Сондай-ақ діни білім іздеп шетелге кететін жастардың өз елімізде білімін жетілдіруіне мүмкіндік жасау.

Сонымен қатар жас қариларды жігерлендіру мақсатында институт жанынан Ижаза беру орталығы ашылды. Институтты тәмамдаған шәкірттер ижаза куәлігіне қол жеткізеді.

Кәсіби қызмет түрлері: Қазақстан Республикасы ҚМДБ-ның шеңберінде Діни ағартушылық пен ғылыми зерттеулер.

Қызмет объектілері:

-  ғылыми-зерттеу мекемелері; мемлекеттік ұйымдар (кітапхана); муфтият аясындағы нысандар;

- қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер; оқу орындары.

ҚР Білім туралы Заңына сәйкес (14.07.2022 ж.), қазіргі талаптарға жауап беретін кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып табалады. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы нөмері БСН 181140036537.

Мекемеде оқытушылар құрамы отандық ғалымдармен қатар, Мысырдан арнайы келген әйгілі әл-Азһар университетінен және Түркиядан Хасеке академиясынан, жалпы 3Phd доктор, 2 магистр, 1 бакалавр – оқытушыларымыз сабақ береді.

Институт  құрылтайшысы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.  Білім беретін түрі: қосымша білім беру.

Мекеме  екі мамандықтар бойынша даярлайды:

– Ислам ілімі;

– Құран ижаза.

«Ислам ілімі» мамандығы бойынша. Оқу мерзімі: 3 жыл.  Оқу бағдарламасының құрылымы: 1-ші жыл дайындық курсы араб тілі. а) Грамматика; б) Риторика; в) Аударма; г) Тілдік шеберліктерді меңгеру кіреді.

2-ші жыл. Қасиетті Құран; Тафсир; Фиқһ; Хадис; Ислам ойы. Пәндер араб тілінде оқытылады.

«Құран ижаза» бөлімі Оқу мерзімі 1 жыл. Оқу бағдарламасының құрылымы:

  • Қасиетті Құранды жатқа тапсыру;
  • Араб тілі;
  • Құран ілімі;
  • Тәжуид ілімі;
  • Тәпсір.

Материалдық-техникалық базасы (Жалпы алаңы 1440 шаршы метр, 3 қабат, 70 орынға арналған):

1 – қабат: 72 орындық асхана; 40 орындық бір дәрісхана.

2 – қабат: 12 жатын бөлмелері орналасқан; 2 дәрісхана (әр біреуі 24 орынға арналған); оқу бөлімнің кабинеті; жаттығу залы; дәретхана бөлмелері 2; кір жуу бөлмесі; қойма.

3 – қабат: 12 жатын бөлмелері орналасқан; кітапхана; медициналық пункт; намазхана; оқытушылар бөлмесі; Құран ижаза бөлімнің кабинеті; дәретхана бөлмелері 2.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушыларға біліктілігін арттыру туралы құжат (сертификат) беріледі.

 

Институт білім алушыларға: 

– Жайлы жатақхана, 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.


Мекен-жайы: Астана қ. Есіл ауданы, Қабанбай батыр 36


Байланыс телефон: + 7 776 176 41 31