Төрәлі Еділбайұлы Қыдыр
16.08.1977 жылы Түркістан облысы Келес ауданы Бозай елдімекенінде дүниеге келген.
Білімі:
1994-1996 жж. ҚМДБ жанындағы Ислам институты;
1996-2002 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультеті/ Алматы.
1998 ж. Табатабайи университеті/ Тегеран (Иран Ислам Республикасы);
1999-2000 жж. Тегеран университеті/ Тегеран (Иран Ислам Республикасы);
2010 ж. Ыстамбул университеті/ Ыстамбул (Түркия).
Мамандығы: Шығыстанушы-филолог. Парсы тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Аудармашы-референт.
Еңбек жолы:
2002-2006 жж. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер/ Алматы;
2005 жылы ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жанындағы Диссертациялық кеңесте «Қазақ даласында ислами әдебиеттің тууы және қалыптасуы (Х-ХІІ ғғ.)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.
2006-2011 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,
Түркология ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер/ Түркістан
2006-2008 жж. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беретін К14.44.03 Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы (Академик Р.Бердібай төрағалығындағы);
2008 -2011 жж. Университет құрамындағы Жас Ғалымдар кеңесінің төрағасы;
2008-2011 жж. ҚР Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Жас Ғалымдар кеңесінің мүшесі;
2011-2017 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті/ Алматы
2012-2014 жж. СДУ Ғылым департаментінің директоры/Алматы
2017-2018 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТҮРКСОЙ орталығының директоры/ Алматы
2017-2019 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТҮРКСОЙ кафедрасының меңгерушісі/ Алматы
2019 жылдан ҚР БҒМ ҒК М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Жетекші ғылыми қызметкері, Ежелгі дәуір әдебиеті және түркология бөлімінің меңгерушісі
Ғылыми атағы мен марапаттары:
Филология ғылымының кандидаты (2005 ж.); Доцент (2011 ж.)
2004 ж. ҚР Президент грантының;
2005-2006 жж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Талантты Жас ғалымдарға берілетін мемлекеттік стипендиясының иегері;
2016 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтой медалімен;
2018 ж. Әзербайжан Республикасы Dədə Qorqud ұлттық қорының Dədə Qorqud атындағы сыйлығымен;
2021 ж. Абайдың Академиялық жинағын дайындауда қосқан үлесі үшін ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатымен;
2021 ж. Халықаралық Түрксой ұйымының арнайы сыйлығымен марапатталған.
Парсы, араб, түрік және бірқатар түркі тілдерін (қыпшақ, оғыз және қарлұқ диалектілері) меңгерген.
Кітаптары:
Сондай-ақ мерзімді баспа беттері мен ғылыми жинақтарда Шығыс жазба мұрасы мен ислами құндылықтарға қатысты 70 аса ғылыми, ғылыми-танымдық мақалалары жарияланған.
Иран, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Ауғаныстан елдерінде өткен ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар мен дөңгелек үстелдерде түркілердің рухани мұрасына қатысты баяндамалар жасаған.