Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастар ісі секторы

Жастар ісі секторы

Күзекбай Бағыжан Ерболатұлы

1992 жылы 29 тамыз күні Қарағанды облысы, Қаражал қаласында дүниеге келген.  

Білімі:

2010-2014 жылдар аралығында  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Әлеуметтік қызмет» мамандығы бойынша бакалавриат бітірген.

2014 жылы Қарағанды облысы Мемлекеттік қызмет мектебі жобасының түлегі.

2018 жылы ҚР Қоғамдық даму министрлігі, Қоғамдық келісім комитетінің қолдауымен Астана қаласындағы Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығында діни кадрлардың біліктілігін арттыру курсында тәлім алған.

2019-2021жж. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Психология» мамандығы бойынша магистратурасын бітірді.

Еңбек өтілі:

2014-2020 жылдар аралығында Қарағанды облысы Дін істері басқармасы Конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерттеу және талдау орталығының КММ «Мониториг, талдау және сараптама» бөлімі, «Ақпараттық- түсіндіру және оңалту жұмыс» бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.

2021-2023 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төраға орынбасары, наиб мүфтидің көмекші маманы қызметін атқарды.

Қазіргі уақытта, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.