Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Munara TV» телеарнасы

«Munara TV» телеарнасы

Еркін Шәкірұлы Үсенбаев

1986 жылы 6 қыркүйекте дүниеге келген.

Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. ҚР Журналистер одағының мүшесі.

 

Еңбек жолы: Телевизия саласына студент кезінен араласа бастады.

2006 жылы «Қазақстан» ҰТА «Таңсәрі» бағдарламасында редактор;

2010-2011 жылдары республикалық 7 арна мен «Шахар» ТРК қазақ бөлімінің Бас редакторы;

2011-2017 жылдары «Қазақстан» РТРК «Таңшолпан» бағдарламасының 1-санаттағы редакторы;

2017-2019 жылдары Atameken Business арнасының жаңалықтар қызметінде тілші;

2019 жылдың 1 сәуірінен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақпарат бөлімінің маманы қызметін атқарды.

2022 жылдың 1 қазанынан «Munara TV» телеарнасының директоры болып тағайындалды.

 

Жетістіктері: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған. Журналистер арасында өткен «Менің көзқарасымдағы Астана» байқауының бас жүлдегері, «Қазақ Хандығына 550 жыл» медалінің иегері, 2017 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған «Үркер» байқауының номинанты. Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Алғыс хатын иеленген.

Отбасылы. 2 ұлы бар.