
Марат Дәлелханұлы Бектазинов
1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келген.
Білімі:
Алматы қаласындағы «Тайба» қазақ-араб колледжі;
«Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университеті.
Еңбек жолы:
2000-2003 жылдары Аягөз қалалық қазақ лицейінің араб тілі пәнінің оқытушысы;
2003-2005 жылдары Аягөз қалалық орталық мешітінің ұстазы;
2006-2009 жылдары Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы №1 «Кәусар» интернаты директорының орынбасары;
2009-2011 жылдары Қарағанды облыстық Орталық мешітінің ұстазы;
2009-2011 жылдары Қарағанды облыстық «5 канал» телеарнасындағы «Ислам: сауалдар мен жауаптар» бағдарламасының діни редакторы және жүргізушісі;
2011-2013 жылдары қажылық компаниясының менеджері;
2013 жылдың сәуір-қыркүйек айлары ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің маманы;
2013-2016 жылдары «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы;
2014-2016 жылдары «Астана медресесі» директорының бірінші орынбасары;
2016-2018 жылдары «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы;
2018-2019 жылдары Астана қаласы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары;
2019-2020 жылдары Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы;
2020-2021 жылдары ҚМДБ «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі;
2021-2022 жылдары ҚМДБ «Хаттама» бөлімінің меңгерушісі;
2022-2023 жылдары Астана қаласы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы; 2023-2026 жылдары ҚМДБ-ның «Халықаралық байланыс және хаттама» бөлімінің меңгерушісі;
2026 жылдың ақпан-тамыз айлары аралығында ҚМДБ «Қажылық» бөлімі меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы;
2026 жылдың тамыз айынан бастап ҚМДБ «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Марапаттары:
2002 жыл, 23-тамыз, Аягөз аудандық білім бөлімі бастығының Алғыс хаты;
2005 жыл, 25-қазан, Аягөз ауданы әкімінің Құрмет грамотасы;
2008 жыл, 25-тамыз, Алматы облысы Білім департаменті бастығының Құрмет грамотасы;
2009 жыл, 30-қаңтар, Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы бастығының Құрмет грамотасы;
2016 жыл, 2-ақпан, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің алғыс хаты;
2016 жыл, 23-қараша, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің алғыс хаты;
2016 жыл, 29-қараша, ҚР Президентінің «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған;
2017 жыл, 16-желтоқсан, Астана қаласы әкімінің алғыс хаты;
2020 жыл, ҚМДБ Төрағасы, Бас Мүфтидің «Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған;
2021 жыл, ҚР Президентінің «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған;
2022 жыл, 25-қазан, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің алғыс хаты;
2025 жыл, ҚМДБ Төрағасы, Бас Мүфтидің «Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған;
2025 жыл, 1 қазан, ҚР Парламенты Сенатының Аппарат басшысының «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезін» өткізуге қосқан үлесі үшін Алғыс хатымен марапатталған.