Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иман» журналы мен «Мұнара» газеті

«Иман» журналы мен «Мұнара» газеті

Серікбол Тілепбергенұлы Хасан 

1987 жылғы 13 маусымда Атырау облысы Құрманғазы ауданында өмірге келген.

Білімі: 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың журналистика мамандығын (бакалавр) бітірген (2008). Педагогика ғылымдарының магистрі (2012).

 

Еңбек жолы: 

2006-2008 жылдары «Шапағат-Нұр» журналында тілші;

2008-2011 жылдары «Ақ желкен» журналында бөлiм редакторы, бас редактордың орынбасары;

2011-2012 жылдары «Жас қазақ» газетінде бөлім редакторы;

2012-2015 жылдары «Ұлан» газетінде бас редактордың орынбасары;

2015-2019 жылдары «Айқын» газетінде шолушы, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары;

2019 жылдан «Мұнара» газетінің бас редакторы;

2022 жылдан «Иман» журналының бас редакторы.

 

Жетістіктері: 

«Серпер» Жастар сыйлығының (2018), Президент грантының иегері (2021). Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (2021). «Әкесінің қызы» (2021), «Күшті бала» (2022) т.б кітаптардың авторы. Отбасылы, 3 баласы бар.