Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әйел-қыздар секторы

Әйел-қыздар секторы

Динара Құтқожақызы Нұрғалиева 

1985 жылы 29 сәуірде Атырау облысы Қызылқоға ауданының Көздіқара ауылында дүниеге келген.

 

Білімі: 

1991-2002 жылдары Жаңашаруа орта мектебінде және Қапшағай қаласындағы №3 Тоқтар Әубакіров атындағы мектепте білім алған. 

2004-2008 жылдары Алматы қаласындағы Нұр – Мүбарак университетінде екі шет тілі филология факультетін тәмамдады.

 

Еңбек жолы: 

2009 – 2015 жылдары Астана қаласында «Нұр Астана» орталық мешітінің сауат ашу курсында ұстаздық қызмет  атқарды. 

2012 жылы «Аққайнар» бастауыш мектебінде «Иман әдебі» сабағынан дәріс берді. 

2013 – 2014 жылдары «Аққайнар» балабақшасында Имандылық сабағынан дәріс берді. 

2015 – 2017 жылдары «АқЖан» мәдени мұраны қолдау қорында теолг маман қызметін атқарды. 

2016 – 2019   жылдардары – «Нұр Астана» мешітінде ұстаздық қызмет атқарды. 

2019 – 2022 жылдары   Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ұстаздық қызмет атқарды. 

2016 ж. – ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Астана қаласы бойынша жауапты маманы қызметін атқарды. 

2022 жылдан бастап ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгеруші қызметін атқаруда.

 

Отбасылы.