Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талғат Мұратұлы

Талғат Мұратұлы

Талғат Мұратұлы Искалиев 

 

Туған жылы, жері: 17.04.1991 жылы БҚО, Орал қаласы, Тасқала ауданы, Ақтау ауылы


Білімі:

1998 жылы Ақтау ауылдық жалпы орта білім беретін  мектебіне бардым.  2004 жылы  Орал қаласындағы № 30 мектепке ауысып келді,

2008- 2011жылдар аралығы  Орал медресесінде оқыды,

2011 жылы «Нұр-Мұбарак»  Египет Ислам Мәдениеті университетіне оқуға түсіп 2014 жылы бітіріп  шықты.

2018-2022 жылдар аралығында Египет Араб Республикасы,  Каир қаласы, Айн-Шамс университетінде арап, ағылшын тілі мамандығын тамамдады.


Еңбек жолы:

01.06.2014 жылдан 13.09.2018 жыл аралығы  Орал қаласы Тәжиден Батырұлы мешітінде наиб имам, сонымен қатар 05.10.2015 жыл 13.09.2018 жылдар аралығында  Орал медресесінде ұстаз және «Аманат Жайық» мекемесінде теолог қызметін атқарды.

2022 жылдың қыркүйек айынан «Орал медресе колледж» ЖМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және Орал Орталық мешітінің ұстазы.

2023 жылдың 23 ақпанынан «Орал медресе колледжі» ЖМ директоры қызметіне тағайындалды.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап РАНТ мүшесі.

Араб, ағылшын, түрік, орыс тілдерінде еркін сөйлейді

 

Қосымша біліктілік:

2016 ж. ҚМДБ-ның Алматы қаласы «Нұр-Мұбарак» Египет Ислам Мәдениеті университеті Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру институтының екі айлық курсында оқыды. 

2017 жылдың 31 шілде 12 тамыз аралығында техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдарының оқытушыларына арналған 72 сағаттық белгіленген оқу жоспарын модульдар бойынша орындады;


Үйленген, 4 баласы бар.