Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мади Айдарханұлы Ахметов

Мади Айдарханұлы   Ахметов

1975 жылы 4 қыркүйекте Семей облысы, Үржар ауданының Үржар ауылында дүниеге келген. 

Білімі:        

1995-1997 жылдары Ислам институты Алматы қаласы Имам-хатыб.

2000 жылы Алматы қаласында "Абылай хан" атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің "Шығыстану" бөлімінің "Дінтану" факультеті.

2001 жылы Қазақстан Республикасының білім Министрлігінің ұсынуы бойынша, Каир қаласында орналасқан "Айн-Шамс" университеті, Египет Араб республикасы.

2008 жылы Египет Араб республикасы Каир қаласындағы "Айн-Шамс", оқу орнын толық бітірді.

Еңбек жолы:        

- 1997-1999 ж. ж. Семей облысы Шар қаласы, Жарма аудан мешітінің бас имамы.

- 2008 жылдың қыркүйек айынан 2009 жылғы тамыз айына дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы "Таугул-3" мешітінің найб имамы.

- 2009 жылдың тамыз айынан бастап 2011 жылдың сәуір айына дейін Алматы қаласы Орталық мешітінің найб имамы.

- 2011 жылдың  сәуір айынан 2015 жылдың маусым айына дейін Павлодар облысы «Екібастұз» мешітінің бас имамы.

- 2015 жылдың маусым айынан 2015 жылдың қыркүйек айына дейін Алматы қаласы Медеу ауданы "Умар ибн аль-Хаттаб" мешітінің бас имамы.

- 2015 жылғы қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Наурызбай ауданы "Абу Бакр" мешітінің бас имамы.

Үйленген, 1 ұлы бар.