Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының еріктілерімен және «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының жауапты қасапшылары қызмет етіп жатқан орталыққа барды.
Кездесу барысында Бас мүфти құрбандық малын шариғат талаптарына сай сою тәртібінің қатаң сақталуын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көрсетілетін көмектің жүйелі жүргізілуін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, ҚМДБ Төрағасы мүфтият жанындағы қайырымдылық шаралары мен халал стандарттарын сақтау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, еріктілер мен қасапшыларға сәттілік тілеп, батасын берді.
Айта кетейік, онлайн құрбан шалуға тапсырыстар Qurban.muftyat.kz сайты арқылы мамыр айының 29-ы күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді дана халқымыз. Алла Тағала шын ықыласпен құрбан шалып, сауапты амалға үлес қосқан барша азаматтардың ниетін қабыл еткей!







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
28.05.2026
608
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру