Қазақстан қажылық миссиясы жұмысының бір бағыты – пәтуа және сұрақ-жауап. Бұл бағытқа жауапты миссия өкілі, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы биылғы қажылық сапарында отандастарымыздың 1060 сұрағына жауап берілгенін хабарлады.
«Алғашында ихрам хәліне өту, ихрамда тыйым салынған және рұқсат етілген амалдар, миқатқа қатысты сұрақтар келсе, Мина-Арафат аймағына өтерде қажыларымыздың негізгі рәсімдерге қатысты сауалдарына жауап бердік. Одан кейін Құрбан айт күндері жамаратқа тас ату, Минада, Мұздалифада түнеуге қатысты сұрақтар қойылып, тиісті жауабын жолдадық» деді Медет Құрмашұлы.
Айта кетейік, елімізден келген қажылар пәтуа маманына жеке кездесулерде, сондай-ақ телефон арқылы және әлеуметтік желі, мессенджер арқылы сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Одан бөлек, қажыларымыз 16 туроператорға бөлінген 17 уағызшы имам арқылы да сауалдарына жауап алып отырды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру