Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітуімен биыл 16 қажылық туроператорына 17 уағызшы имам-ұстаздар бөлінген болатын. Бүгінге дейін имамдар 5081 қажыны толық қамтып, 100-ден астам уағыз-насихат айтты.
Бұл туралы ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан қажылық миссиясының уағыз-насихат бойынша жауапты қызметкері Нұрбек Есмағанбет хабарлады. Оның айтуынша, имам-ұстаздарымыз қызметке елден шыққан сәттен бастап кіріскен. Ұшақта да, Джидда-Мекке, Мәдина-Мекке бағытындағы автобуста да, сондай-ақ қажылар тоқтаған қонақүйлердің намазханаларында насихат айтылды. Олардың қатарында елімізге танымал уағызшылар Арман Қуанышбаев пен Ғазиз Ахмет, Нұралы Бақытұлы мен өзге де РАНТ мүшелері, сондай-ақ мүфтияттың жас мамандары Ерғали Байділдаев пен Жарбол Ақжігіт те бар.
Осылайша имам-ұстаздарымыз қасиетті мекендерге қажылық парызын өтеуге келген қажылардың құлшылық амалдарын рухани жол көрсетіп, шариғат талабына сай орындауға септігін тигізіп келеді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру