Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАР АТЫНАН АЛҒЫС АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.07.2022 2087 0 пікір
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАР АТЫНАН АЛҒЫС АЙТТЫ (ФОТО)

Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Ершат Оңғар Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра вице-министрі Абдулфаттах Сулейман Машатпен кездесті. Миссия төрағасы вице-министрге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, қазақстандық қажыларға көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде Абдулфаттах Сулейман Машат Қазақстан қажылық миссиясының ұйымдастырушылық жұмысын жоғары бағалап, ризашылық білдірді. Сондай-ақ биылғы қажылықтың сәтті өткенін, оқыс оқиғалар орын алмағанын тілге тиек етті. Одан бөлек қажылық кезінде қажылардың науқастану көрсеткіші төмен болғанын, індеттің өршуі секілді жағдайлар тіркелмегенін атап өтті. Вице-министр Қазақстан қажыларының қажылығы қабыл болсын деген тілегін жеткізді.

Басқосу соңында тараптар бір-біріне сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті. Кездесуге Жиддадағы Бас консул Талғат Шалданбай да қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру