Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЖЫЛАР ҚАСИЕТТІ АРАФАТ АЙМАҒЫНДА (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.07.2022 2353 0 пікір
ҚАЖЫЛАР ҚАСИЕТТІ АРАФАТ АЙМАҒЫНДА (ФОТО)

Бүгін қазақстандық қажылар қасиетті Арафат жазығына жетті. Қажыларымыз ҚМДБ имам-ұстаздарының салиқалы уағыз-насихатын тыңдап, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтып, Алла Тағаладан дұға тілеуде.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дұғалардың ең абзалы – Арафа күні жасалған дұға», - деген. Сондықтан қажылар бұл жерде Алла елшісіне салауаттар айтып, Алладан дұға тілейді.

Күндердің ең абзалы Арапа күні Арафатта тұру – қажылықтың негізгі парызы. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қажылық – Арафат», - деген. Сондықтан Арафатта тұрмаған мұсылманның қажылығы қабыл болмайды. 

Ислам тарихында Арафат тауының орны бөлек. Адам ата мен Хауа ана жер бетіне түскеннен кейін осы жерде кездесті. Жәбірейіл періште Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбарға қажылықтың орындалуын үйретті. Осы жердегі Жәбәл-Рахма төбесінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Арафат уақфасын жасады. Ислам дінінің кемеліне жеткенін баяндайтын Құранның «Мәида» сүресінің 3-аяты осы жерде түсті.

Айта кетейік, кеше қажыларымыз қажылықтың алғашқы парызы болған ихрам киіп, Мина жазығында түнеді. Ал бүгін күн батқанға дейін Арафатта тұрып, Хақ Тағаладан кешірім, мейірім тілейді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру