Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АМАНАТҚА ҚИЯНАТ ЖҮРМЕЙДІ

Исатай Бердалиев muftyat.kz 09.01.2020 5376 0 пікір
АМАНАТҚА ҚИЯНАТ ЖҮРМЕЙДІ

Ислам құқығында сеніп тапсырылған (аманат) тауарларға қатысты Мәусилидің Ихтияр кітабында жазылған ережелер мен исламның сенімге деген көзқарасы жайында тоқталмақпыз.

Аманат – күнделікті өмірде жиі кездесетін адами қарым-қатынастың құқықтық процесі. Бұл жайында фиқһ кітаптарында «كِتَابُ الْوَدِيعَةِ» тақырып аясында талқыланады. Уадиға – сақтауға тапсырылған мүлік, заңды бір сауда ретінде қарастырылған.

Сақтау мақсатында қалдырылған мүлік «аманат» болып, қарыз есебінде беріледі, қастандықпен немесе әдейілеп зақымдайтын немесе жоғалтып жіберетін болса, ақысы өтеледі. Бұл жайында сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір сөзінде: «Қиянат жасалмаған аманаттың өтелуі (кері қайтарылуы) жоқ» деп бұйырған.

Бір кісі аманат алған болса, оны қорғауға тиіс. Өйткені аманат, мүлікті немесе аманат етілген нәрсені, екінші адамның қорғауына беру және оны алу арқылы кері алу күніне дейін оны қорғауына сөз байласудың нәтижесінде жүзеге асады.

Басқа да келісімшарттарда болғандай, екі тараптың да аманат беруге және аманат мүлкін алуға қауқарлы немесе лицензиясы болуы шарт. Ал сеніп тапсырылған заттардың келісімшарт жасалатындай жарамды немесе құнды болуы қарастырылған.

Әдетте аманат етіп қалдырылған мүлік, сенімді әрі қауіпсіз адамға тапсырылады. Аманат мүлкін алған адам, мүлікке өз тарапынан бір зиян келтірмей, мүлік өздігінен зиянға ұшырағанда, тұшымды жауап берілгенде аманат мүліктің өтемі болмайды. Аманат алған адамның немқұрайлығынан нұқсан келген жағдайда, мүліктің толық құны өтеледі. Өйткені сеніп тапсырылған аманат мүлікті, өз мүлкіндей қорғауға міндетті, әрі оның жауапкершілігінде болады. Аманат етіп қалдырылған мүлікті, егесінің келісімі болмай пайдалануға, оны басқа біреуге аманат етіп беруге және заңды бір шығындарда қолдануға құқығы жоқ.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) екіжүзділіктің үш белгісінің бірі – «Сенімді жамандыққа пайдалану және өзіне берілген аманатқа опасыздық жасау» дейді. (Бұхари, «Сенім», 24; Мүслім, «Сенім», 107)

 Егер сеніп тапсырылған адам мүлікті қорғағаны үшін ақы талап етер болса, онда өтемақы бойынша жауапкершілік одан сайын артады. Өйткені келісім екіжақты және жеделдетілген шарттық сипатқа ие болады. Сол себептен де аманат етілген мүлікке қандайда бір зиян тисе, өтемақысы төленеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 825-бабында аманат мүлікті сақтандыру тетіктерінің шарттары толық қарастырылған. Сонымен қатар Кодексте сеніп тапсырылған мүлік, келісімшарт негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Зиян келген жағдайларда осы келісімшарт негізінде өтемақы қайтарылады.

Қазақ халқының «Аманатқа қиянат жүрмейді» деген мақалының астарында қаншама машақаттың барлығын білдіреді. Ал қазақылық ұстанымға қайта оралу немесе насихаттау қоғамның бүгінгі талабы деуге болады.

Исатай Бердалиев,

Ислам Құқық ғылымдарының докторы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру