Күн ұйқысынан маужырап оянған сәтте, қуыршақ та төсегінен әлдебір нәрсесі дұрыс еместей әсермен оянды. Ойлады. «Не нәрсе дұрыс емес?» деп. Себебі, оянды. Қайдан екені белгісіз, бір сұрақтар пайда бола бастады. Қуыршақтың өмірінде ешқашан болмаған сұрақтар. Ол жайын ол-тіпті, ойламаған да еді.
- Мен кіммін?
- Қайдан келдім?
- Қайда барам?
- Қоғамға не пайдам?
- Түпкі мақсатым не?
Үнсіз меңіреу сұрақ белгілер оны қоршап алды. Неге? Неге? Неге? Бөлменің іші қарауытып кетті. Үрейлі үнсіздік терезенің әйнегіне сіресіп қатып қалған. Бір-екі қадымдап барып, бір орында тұрып қалды. Тығырық деген осы ма?
Сол мезетте қуыршақтың бөлмесінде бір жарық сәуле пайда болды. Елес емес. Кәдімгі күлімдеген нәзік сәуле. Сөйтіп, жарық сәуле қуыршаққа өте қызықты бір оқиға айтып берді. Ол тағдыр, пешене тарих болып жатталып. Бүгінгі күнге ұшқын болып жеткенін айтты. Ол жақта жаһилдік аждаһаның бір талқысынан құтылып, екінші талқының талысына ұмсына «өрмелеп шығып күн болғанын», «маса болып ызыңдап, оятқанын», «Қазақ болып үн қатқанын» айтты.
- Жә, бәрі дұрыс, бірақ осыншама азапты өз басына сатып алудың мақсаты не? Не үшін?
Себебі, ол – әлемде «елдік сана» бар еді. Әрқайсысы еліне деген махаббаттың заңымен өмір сүретін. Олай болып шықпады. Біз ол әлеммен салыстырғанда, қараңғы түнекте өмір сүреді екенбіз. Бардың құнын бағалай алмайды екен біз. «Өрмелеп шығып күн болмақ түгілі» ел арасына іріткі салдық, өзгенің жұлым-жұрнағын артық көрдік.
Өйткені...
Ол нәзік сәуле келмей тұрғанда бізде бәрі-бәрі жақсы секілді көрінген. Сәуле келді, барлығы бүлінді. Теріс айналып кетті. Біз ұлтқа деген сүйіспеншіліктің заңымен өмір сүрмейтіндігімізді көрсетті. Ата-бабаларымыздың мұрасын мансұқтаған қараңғылықтың заңымен өмір сүріп жатырмыз. Содан кейін, ол – жарық сәуле, бізге, тіпті, тәуелсіз емес (өз нәпсімізге басыбайлы) екенімізді де көрсетті. Бұрын ойлағандай емес (елдік сана), әркім өзінің мәңгүрттік сана торына қамаулы тұр. Ешкім ешкімді көрмейді, естімейді, сезбейді, түсінбейді. Өйткені, мәңгүрт. Бірімізге-біріміз ширығып қарсы келен сәтте, ұлтымызға, дінімізге деген сүйіспеншіліктің заңымен өмір сүруге ұмтыла бастадық. Әлбетте, түсінісу үшін. Басқа жол таппадық. Ол - елге деген махаббаттың патшалығы еді. Бірақ, ол мекенге ешбіріміз жете алмадық. Себебі, әрқайсысы әр жаққа тартқылады, тартқылады келіп. Сондықтан, біз бір қадам да алға жылжымадық. Өте қатты өкіндік. Мәңгүрттік сана торынан шығу, тіпті, мүмкін емес екен. Мәңгүрт болып тудық. Мәңгүрт болып өлеміз. Мәңгүрттік сананың торынан ешқашан шықпаймыз. Өкінішті...
Сол кезде қуыршаққа ойламаған жерден таудай ой келді. Қуанғанынан біз неге алдыға жылжымайтынымызды мен енді түсіндім! - деп айғайлап жіберді. Білесіздер ме?
Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен.
Сен тұра тұр,
Мен өлейін дер екен, - деп басталатын ертегіні?! Жоқ. Кімде-кім бұны ертегі деп ойласа, қатты қателеседі. Ертегі емес. Өмір. Өмірдің дәл өзі. Солай ғұмыр кешкен. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «отанды сүю иманнан»,- деп айтқан. Қазақтың күшіде, қуатыда, рухыда сонда. Тұтастықта. «Бауырлар, ендеше біз, бірігуіміз керек. бірігу үшін мәңгүрттік сананы талқандауымыз керек» деген дауысын тағы біреу естігенше, оны ешкім де түсінбеді.
– «Ол мінберге шығып алып, бізге қарап не нәрсе айтып жатыр...?» - деп ойладық, ойладық та теріс айналып кете бардық.
Ел мен елдің, бауыр мен бауырдың арасындағы тосқауыл осы – Мәңгүрттік сана.
Бауырлар, жүрегіміздің түбіне жасырынған сол нәзік сәулені өшіріп алмасақ екен!
Әсет БЕКТҰР
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.01.2014
5229
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру