Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ КЕЗЕКТІ АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 27.01.2022 1962 0 пікір
БАС МҮФТИ КЕЗЕКТІ АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті Аппарат жиналысы өтті. Жиында қаңтар айында атқарылған жұмыс есебі баяндалды.

«Аллаға шүкір, былтыр ҚМДБ жылдық жұмыс жоспарын ойдағыдай атқарды. Алла қаласа, биыл да асыл дінімізге абыройлы қызмет ету мақсатында бірқатар маңызды іс-шаралар атқаруды жоспарлап отырмыз. Береке-бірлігімізді танытып, жұмыла кірісіп, жүйелі түрде қарқынды да нәтижелі жұмыс істейік. Алла Тағала ісімізге береке беріп, сауаптан жазсын!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ жиында ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы Бас мүфтиге жыл басынан бергі атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарын баяндады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру