Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Дін мен психологияның маңызы айтылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 26.11.2021 2508 0 пікір
Ақтөбе: Дін мен психологияның маңызы айтылды

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Ақтөбе облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Құран – жерде нұр, көкте қазына» рухани кеші өтті. Кешке Құран хафизы және қырағат иджаза иегері Бақытгүл Байғазиева мен «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының психологы Гүлбану Тұрлыбекова қатысты.

Іс-шара барысында Құранның қадір-қасиеті кеңірек айтылды. Сонымен қатар Бақытгүл Байғазиева мен Гүлбану Тұрлыбекова әйел жамағатына арнайы семинар өтіп, дін мен психологияның маңызына тоқталды. Бүгінгі таңдағы псевдопсихологтардың арбауына түсіп, отбасының шытынауына әсер ететіні туралы факторлар да айтылды. Асыра сілтеудің құрбанына айналмау керектігі туралы нұсқаулық берілді. Қыз-келіншектерді білімді болуға шақырып, аят хикметтері түсіндірілді. Одан өзге Ақтөбе өкілдігінің сауат ашу курсында оқитын шәкірттер қыз баланың тәжі – орамал туралы көріністер қойып, әлеуметтік эксперимент ретінде жасалған видеоролик ұсынды.

Рухани кештің қортындысында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, алғыр да білікті қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Құрметті қонақтарға ұйымдастырушылар тарапынан қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жапты. Іс-шара аясында түскен қаржыдан 200 000 теңгені Нұр-Мүбарак университетінің 2-курс студенті Ақнұр Төлениязованың оқу ақысына аударды. Игі шара құрметті қонақтар мен кешке қатысушыларға арналған мерекелік дастарқанмен жалғасын тапты. Дастарқан барысында билет нөмірі сәйкес келген қатысушыларға діни кітаптар табысталды. Шараға қатысқан ақ жаулықты әжелер бата беріп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру