ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен облыс имамдарына аттестация өтуде.
Мүфти хазрет бір сұхбатында: «Қазақстан енді ғана аяғынан тік тұрып, қаз-қаз қадам басып келе жатқан жас мемлекет. Сондықтан көп салада білікті мамандардың жетіспейтіні байқалады. Дін саласында да мұндай түйткіл жоқ емес... қазір заман талабы басқа. Бүгінгі қоғамға сауатты, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті күшті имам-молдалар қажет» - деген болатын. Үш күнге созылған бұл аттестация нақ осы бағытты айқын ашықтамақ. Өңір төңірегінде қызмет етіп жатқан имам-молдалардың біліктілігін тексеріп, лайықты көрсеткіш көрсеткендер анықталып, дін қызметкерлерінің сауаттылығы, іскерлігі мен тәжірибесіне қарай жұмыста қабілетті, мығым болуға аталмыш аттестацияның берері мол.
Күннің қақайған ыстығына қарамастан Діни басқармадан ат терлетіп келген Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Ұтысхан Алтынбек, комисия мүшелері Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы және Кадр бөлімінің меңгерушісі Байұзақ Орынбасарұлы әр имам-молдалардан жеке-жеке сауал жүргізіп, таңнан кешке дейін атестация жүргізуде.
Жалпы имам-молдалардың әсіресе ауыл молдаларының ішінде үлкен жастағы қарияларды қоса айтқанда бұл атестацияға дайындықтары жақсы екенін көрсетіп отыр.
Иә, бұл имамдардың біліктілігі қаншалықты екенін көрсетер қуантарлық жағдай екені анық, алайда талапқа сай бірер білімі жеткіліксіз молдалардың да шығуы ғажап емес. Бұл аттестацияның мақсаты өтпей қалғандарды жұмыстан босату емес, керісінші білімге итермелеу екендігін комиссия мүшесі Сансызбай Құрбанұлы бір сұхбатында былай деп түсіндіреді: «Бұл – аттестациядан өтпей қалған имам қызметтен босатылады деген сөз емес. Біріншіден, олардың діни білім деңгейін анықтай отырып, сауатын жетілдіруге жағдай жасау, мүмкіндіктер туғызу» - дейді.
Олай болса Сыр елінің имамдарына тек сәттілік тілеп, білім деңгейлерінің биік, іскерлігі мен имамдық шариғи қабілеті мол болуын тілеп, аттестацияның өтуіне ұйытқы болып отырған Мүфти хазретке және комиссия мүшелеріне зор алғысымызды білдіре келе, Алла разы болсын дейміз.
Арнайы облыстық «Қызылорда-Қазақстан» теле арнасынан аттестация барысын түсіріп, жергілікті халықты хабардар етті. Аталмыш арнаға ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлім меңгерушісі Ұтысхан Алтынбек арнайы сұхбат беріп, аттестацияның артықшылығы мен мақсаттарына тоқталып өтті. Сондай-ақ, емтиханға қатысқан имам-молдалардан да тұшымды сұхбат алып, өздерінің дайындық барысында діни білімдерін шыңдап, оқыған-тоқығандарын қайталап алғандарын айтып, өз қуаныштарымен бөлісті.
Қызылорда облысы өкілдігінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.06.2014
4122
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру