«Ибраһим мешіті»
Арал ауданы Аралқұм елді мекенінде салынған. Құрылысы 2007 жылдың тамыз айында басталып, 2008 жылдың қарашасында пайдалануға берілді. Демеушісі Еркін Нағашыбаев. Ғимарат ауылға кіреберіс жерде тұр. Көлемі 52,5 шаршы метр, күмбезінің биіктігі 14 метр, мұнарасыз. Ішкі бөлмелері екеу, 70 адамға арналған. 3 терезесі бар. Шамдары қабырғаға орналастырылған. Қытайдан алдырылған кілемдер төселген. Айналасы абаттандырылып, қоршалған.
МУСУЛЬМАНСКИЕ ПРАЗДНИКИ

05.06.2019







+7 7172 999 866
г. Астана, ул. Карасаз 3