1987 жылғы 13 маусымда Атырау облысы Құрманғазы ауданында өмірге келген.
Білімі:
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың журналистика мамандығын (бакалавр) бітірген (2008). Педагогика ғылымдарының магистрі (2012).
Еңбек жолы:
2006-2008 жылдары «Шапағат-Нұр» журналында тілші;
2008-2011 жылдары «Ақ желкен» журналында бөлiм редакторы, бас редактордың орынбасары;
2011-2012 жылдары «Жас қазақ» газетінде бөлім редакторы;
2012-2015 жылдары «Ұлан» газетінде бас редактордың орынбасары;
2015-2019 жылдары «Айқын» газетінде шолушы, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары;
2019 жылдан «Мұнара» газетінің бас редакторы;
2022-2025 жылдары «Иман» журналының бас редакторы.
Жетістіктері:
«Серпер» Жастар сыйлығының (2018), Президент грантының иегері (2021). Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (2021). «Әкесінің қызы» (2021), «Күшті бала» (2022) т.б кітаптардың авторы.
Отбасылы, 3 баласы бар.