Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Зекет қоры: Саяжайдағы отбасыға көмек көрсетілді

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 10.09.2019 135 0 пікір

Жаздың соңғы күндері республикалық БАҚ-та «3 баласы бар ақтөбелік отбасы шатыр астында тұрып жатқаны» туралы ақпарат тараған болатын. «Ақтөбеде Сахтиндер отбасының үш баласы мектепке дайын емес. Ал өздері құрылысы жартылай аяқталған саяжайлық үйдің жанына шатыр құрып, сонда тұрып жатыр», - деп хабарлады ҚазАқпарат.

Отбасы қала әкімінің қабылдауында болып, үй құрылысына жер беруін сұраған еді. Әкімдік саяжайдан 6 сотық жер беріп, қазіргі таңда құжаттары рәсімделуде. Отбасының жағдайы «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің назарынан тыс қалмады. ҚМДБ «Зекет» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Әлішер Садықтың ұйымдастыруымен және демеушілердің көмегімен 200 мың теңгеге отбасының үй салуы үшін қажетті құрылыс материалдары мен азық-түлік жеткізілді.

Отбасында үш бала бар: 12 жастағы үлкен қызы – 8 сыныпқа, 9 жастағы ортаншысы – 4 сыныпқа барады. Ал желтоқсанда 5-ке толатын кішкентайы биыл дайындық тобына қабылданған. Оның үстіне, отағасы Нұрлыбек Сахтиннің 4 жыл бұрын алған 150 мың теңге несиесі бүгінде – 380 мың, ал Мира Байтуғанованың 3 жыл бұрын алған 200 мыңы – 245 мың теңге болып өсіп кеткен.

Біз демеушілерге ақтөбелік отбасыға көмек қолын созып, құрылыс материалдарымен жәрдем бергені үшін шынайы алғыс білдіреміз.

Аталмыш көмек бұл отбасыға үлкен қолдау болып отыр. Әлі де болса, Сахтиндер отбасына көмек беремін дейтін азаматтарға ҚМДБ «Зекет» қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Әлішер Садыққа (тел.: 8 778 178 1475) хабарласуын сұраймыз. Алла сауаптан жазсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат