Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ШҚО: Түркия Елшісі «Халифа Алтай» мешітінде (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 07.09.2019 364 0 пікір

Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык мырза Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды.

Құрметті қонақты ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек Қасболатұлы қарсы алып, мешіт ішін таныстырып, жуырда ғана ашылған еліміздегі алғашқы «Ислам мәдениеті және ұлттық дәстүр» мұражайын таныстырды.

Елші Невзат Уянык мырза «Халифа Алтай» мешітінің тарихынан және мұражайдың құрылуы жайлы сұрақтарын қойып, өкіл имаммен емен-жарқын әңгіме өрбітті.

Мұражайды аралаған құрметті қонақ әрбір жәдігерге тоқталып, әсіресе әлемнің Кембридж және Сүлеймение қатарлы әлемдік жетекші кітапханаларынан әкелінген сирек қолжазбаларды тамашалады. Ол сонымен қатар қазақтың киіз үйімен тұрмыстық бұйымдары және салт-санасы әңгімелесті.

Өкіл имам: «Бұл мұражайда түркі мәдениетімен Исламның даму кезеңінің тарихынан сыр шертетін мұралар қойылған. Рухани жаңғыру аясында ұлтымыздың тарихын түгендеп, ұлағатты мұрамызды насихаттаудың маңызы ерекше» деп атап өтіп, мешіттің құрметті қонағы болған Елші Невзат Уянык мырзаға қазақ дәсүрімен шапан жапты.

Елші мырза түркі әлемінің құндылықтарын түгендеген осынау мұражайда болғандығына қуанышты екендігін айта келе, бауырлас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық одан ары да тың серпінмен дами беретініне сенім білдірді.

Мұражайдан көптеген тың мағлұмат алғандығын айта келе, өкіл имам Ермек Қасболатұлына шын ниетпен алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат