Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Таразда қарилар курсы ашылды

asyldin.kz 14.08.2019 183 0 пікір

Жамбыл облысы "Һибатулла Тарази" медресесінде енді қарилар курсы жұмыс жасайды. Бұған дейін осы игі бастаманы іске асыру барысында түрлі қиындықтар туындаған болатын. Маман тапшылығы, ғимарат орны, қаражат сынды түрлі кедергілірден өтіп, көпшіліктің арманы болған курс биыл Тараз қаласында қол жетімді болды. Бұл үлкен жетістік, алып қуаныш. 

Бүгін аталған орталықтың ресми ашылу салтанаты өтті. Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл, осы қарилар курсының ұстаздары Бірлік Амангелді,  Алмуханбет Егізбаев, курсқа ұсыныс білдірген ата-аналар мен балалар қатысты. 

Өкіл имам көпшілік алдында оқу курсының мақсатымен таныстырып, осындай мүмкіндікке ие болған тұрғындарды құттықтады.  Құрандағы қиссалардан мысалдар келтіріп, Құран жаттаудың маңызы, Құран иесінің Алла алдындағы мәртебесі, Құран жаттаушы қандай болуы тиіс, Алланың Кәләміне деген ықылас, махаббат жайлы әсерлі де сүбелі сөз сөйледі.

Ата-аналар өздерін мазалаған сауалдарын қойып, курс жоспары, күнтәртібі жөнінде мағұлматтар алды.  

Айта кетейік, бүгін курсқа 26 бала қабылданды. Балдырғандарды арнайы білікті қари мамандар оқытады. Курс 3 сынып оқушыларынан бастап барлық жастағы кісілерге арналған. Оқу аптасына 3 рет күндізгі және түскі ауысым бойынша жүргізіледі. 

\

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат