Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Нұр-Сұлтан: «Ғылмани» мешіті қарттар мен мүгедектер үйіне айттап қайтты 

sunna.kz 14.08.2019 165 0 пікір

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазанов бастаған мешіт ұжымы «Қарттар мен мүгедектер» үйіне арнайы айттап қайтты.

Жыл сайын жалғасып келе жатқан үрдіс бойынша, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің «Әйел-қыздар секторы» жанынан құрылған «Аналар мектебі» мүшелерінің демеушілігімен және әйелдер жамағатының ұстазы Әлия Аусағатова және Айгүл Көксегенқызының ұйымдастыруымен,  Елорда әкімдігінің «Шарапат әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» арнайы барып, қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қайрымдылық дастарханы жайылып, тәбәрік сыйлықтар үлестірілді.

Сөз басында бас имам Нұрлан Бекболатұлы жүздеріне қаяу түскен қарияларға қамқорлық көрсету және құрметтеп сыйлау туралы имани әңгіме қозғады.

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Шарапат әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 26-98 жас аралығында 350-ге жуық қарттар мен мүмкіндігі төмен жандар тұрып жатыр. Оралдың арасында 4 Екінші дүние жүзілік соғыстың ардагері, 11 соғыс ардагеріне теңестірілгендер, 27 тыл еңбеккерлері, 4 қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары бар. І-ІІ топтағы  125 мүгедек жандарға оңалту орталығы жұмыс істеуде.

Өз кезегінде қарттар үйінің қызметкерлері мен тұрғындары мешіт ұжымына ризашылықтарын білдіріп, алғыс хаттарымен марапаттап, ізгі тілектерін айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат