Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Алматы: «Мектепке жол» акциясы аясында 1000 балаға көмек көрсетілді

azan.kz 14.08.2019 137 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораз хазіреттің бастамасымен Алматы қалалық Орталық мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Бұл шара аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан 1000 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толтырылған мектеп сөмкелері табысталып, Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай «Құрбан айт құтты болсын!» айттық сыйлық қорапшалары үлестірілді.

Шараның жоғары деңгейде өтуіне мешіт жамағаттары, Алматы қаласының кәсіпкерлері, қала мешіттерінің имамдары, «Ықылас-2050» қайырымдылық қоры өз үлестерін қосты. 

Шараға ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек Шоқай, Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнар Махайқызы Қожабергенова, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген және кәсіпкер түрік азаматтары қатысты.

Ең алдымен, наиб мүфти қайырымдылық акциясын сөз сөйлеп ашып берді. Ол өз сөзінде ата-аналар мен бүлдіршіндерді, жиналған көпшілікті қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, аталмыш шараның мән-маңызына тоқталды. Ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жаңа оқу жылына аяқ басқан бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. 

Одан әрі Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнар Махайқызы Қожабергенова құттықтау сөз сөйлеп, мектеп оқушыларына келелі кеңестерін айтты.

Осындай игілікті істің басы-қасынан табылып жүрген Қайрат Құдайбергенов те балаларға үлкен азамат болып қалыптасу үшін үнемі ізденіп, тынбай еңбектену керектігін ұқтырды.

Соңынан бүлдіршіндер құрметті қонақтармен естелікке суретке түсіп, меркелік көңіл күйді сезінді. Ал, ата-аналар қуаныштары мен алғыстарын айтып, ұйымдастырушыларға жүрек жарды тілектерін білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат