Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Маңғыстау: Орталық мешіт ұжымы қарттар үйі мен балалар үйін зиярат етті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 13.08.2019 179 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің наиб имамы әрі облыс бойынша пәтуа бөліміне жауапты Акса Юнус ұстаз бастаған мешіт ұжымы жылдағы үрдіске сай Құрбан айтта қарттар үйі мен балалар үйінде болды.

Алдымен қарттар үйіне кіріп, қариялардың жабырқаған көңілдерін аулап, хал-жағдайларын сұрап, орталық мешіт атынан барлық қарияларға сыйлықтар үлестірді. Сырқаттанып қалған қариялардың бөлмесіне де бас сұғып, айтулы мерекемен құттықтап, тезірек ауруларынан айығып кетулерін тіледі.

Кезекте имамдар Ақтау қалалық балалар үйіне барып, балақайларды айт мерекесімен құттықтады. Әр балаға мешіт атынан сыйлықтар мен балмұздақтар үлестіріп, қуаныштарына себепкер болды.

Әр мейрамда арнайы сыйлықтарымен келетін мешіт ұжымын қариялар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері тағатсыздана күтіп отырады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат