Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Атырау: Құрбан айт мерекесі күні 300 отбасыға ет таратылды

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз қызметі 13.08.2019 70 0 пікір

Қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Атыраудың орталық мешітінде үш жүз отбасыға құрбан малының еті таратылды.

Құрбандыққа шалынған мал еті негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлыққа мұқтаж жандарға үлестірілді. Мейірім мен бауырмалдылыққа үндейтін мереке күні қамкөңіл жандарға ет толы сөмкелерді орталық "Иманғали" мешітінің бірінші наиб имамы Мұрат Мұстафаев бастаған ұстаздар легі өз қолымен тапсырды.

"Құрбан шалу жай бір жасай салар күнделікті іс емес. Құлшылықтың бұл түріне жіті көңіл бөле отырып, шынайы ниет қойып, малдың ең таңдаулысын құрбан ету – дүниеміз бен ақыретімізге орасан рухани пайда, сансыз сауап, көңілі қаяу жандарға жұбаныш сыйлайды",- деді ұстаз Мұрат Мұстафаев.

  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат