Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қарағанды: Шіркеу өкілдері мен индонезиялық қонақтар «Әнет баба» мешітінде

ihsan.kz 13.08.2019 99 0 пікір

Бүгін Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде Қарағанды қаласындағы католик шіркеуінің епископы Дель`Оро Аделио мен бас епархия Евгений Зеньковский  және  Индонезиядан келген католик дін өкілдері қонақ болды.

Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлының қабылдауында болды. Сондай-ақ, барша мұсылман қауымының қасиетті мейрамы Құрбан Айтпен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді. Кездесу дастархан басында өз жалғасын тауып, алдағы уақытта бірлесе отырып атқарылатын қайырымдылық және рухани шаралар өткізу жоспарланды.

Естеріңізге сала кетсек, католиктік шіркеу өкілі Дель`Оро Аделио бұдан бұрын да облыстық мешітімізге келіп, әр мейрамда өзінің құттықтауын жеткізген болатын. Жергілікті мұсылман бауырлармен де етене араласып үлгерген. Бұл кездесулер дінаралық татулықты нығайтумен қатар ішкі тұрақтылықты дамытудың кепілі болмақ.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат