Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ақтөбеде Құрбан айт «Мектепке жол» акциясымен басталды

nurgasyr.kz 11.08.2019 203 0 пікір

Бүгін «Нұр Ғасыр» мешітінде мерекелік айт намазы қайырымдылық шарасына ұласты. 

Мерекеге арнайы келген облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Нұр Мүбарак» университетінің ақылы бөлімінде оқитын 5 ақтөбелік студентке облыс әкімінің грант сертификатын табыс етті. Бұл жергілікті діни кадр даярлауға қатысты облыс әкімінің қолдауы еді.

Қайырымдылық шеруін әрі қарай Бас мүфтидің тапсырмасы бойынша ел мешіттерінде қолға алынған «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғастырды. Бұл шараға арнайы наиб мүфти Бауыржан Әбдірашұлы да қатысып, бүлдіршіндерге оқуда озат болуды тіледі.

«Нұр Ғасыр» мешіті айттың алғашқы күні көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 100 баласын жаңа оқу жылына дайындады. Мектеп құралдары салынған сөмке мен әр балаға 5000 теңгеден үлестірілген қайырымдылық акциясына 1 200 000 теңге жұмсалды. Бүгін «Мектепке жол» акциясы аясында Ақтөбе қалалық мешіті де 100 балаға көмек көрсетті.

Сондай-ақ, «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті Құрбан айт қайырымдылығы ретінде, 4 балалы жалғызбасты ананың мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуы үшін қаржылай көмек көрсетіп, алғашқы жарнасына 300 000 теңге қаражат берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат