Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚМДБ Қажылық миссия мүшелерінің жиыны өтті

www.muftyat.kz 12.07.2019 392 0 пікір

Бүгін ҚМДБ Қажылық миссия мүшелері «Қажылық-2019» маусымын ұйымдастыру мәселесін ортаға салып, пысықтады.

Жиынға Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы Алау Әділбаев, ҚМДБ Қажылық бөлімінің басшысы Жанділлә Бекжігітов, Қажылық миссия уағыз-насихат тобының жетекшісі Алтынбек Ұтысхан, Қазақстан қажылық миссиясының бас дәрігері Б. Досмаилов және 18 туристік фирманың басшылары қатысты.

Бас дәрігер Б. Досмаилов отандық қажыларға медициналық қызмет көрсетудің сапасын көтеруді ортаға салды. Жанділлә Бекжігітов Сауд Арабия Корольдігінің дәрілік заттар мен тамақ өнімдерін бақылау басқармасының нұсқаулығымен және қасиетті мекенге алып шығуға рұқсат етілген дәрілер тізімімен таныстырды.

Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы Алау Әділбаев Әуе жолымен жүк тасымалдаудың «Қажылық-2019» маусымындағы нұсқаулықтарымен таныстырып, отандық қажылардың сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кетер болсақ, Қазақстан қажыларын «Flynas»  және  «Scat Airlines» әуе компаниясы тасымалдайтын болады, қажылардың алғашқы тобы шілденің 30 күні аттанбақ. Ал қайту уақыты тамыз айының 17-23 күндері аралығына жоспарланып отыр. Сондай-ақ әуе компаниялары әуе жолымен жүк тасымалдау ережелері мен шарттарын да қатаң сақтайтындарын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат