Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Алматыда Төле би көшесінің екі учаскесінде жол жабылады

kaz.tengrinews.kz 05.07.2019 216 0 пікір

Алматыда демалыс күндері Төле би көшесінің екі учаскесінде жол жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"5 шілдеде сағат 22.00-ден 9 шілде 6.00-ге дейін Өтеген батыр мен Төле би көшелерінің және Чокин мен Төле би көшелерінің қиылысында жол жабылады", - делінген хабарламада.

"Уақытша шектеулер осы көшедегі магистраль құбырды жоспарлы ауыстырумен байланысты. Алматы инженерлік желілерін қайта жаңарту - тозған құбырларды заманауи құбырларға ауыстыруды қарастыра отырып, қалалық жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысындағы тәуекелдерді азайту үшін қажет", - делінген хабарламада. Алматылықтар мен қала қонақтарын бұл қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, аталған учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұрайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат