Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Семейде өткен Құран жарысы

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 04.07.2019 241 0 пікір

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің сауат ашу лагерінде білім алып жатқан шәкірттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. Құран жарысына 30-ға жуық мешіт шәкірттері қатысты. Жарыстың мақсаты - шәкірттерді Құран жаттауға ынталандыру.

Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Құранды үйреніп және жаттаудың екі дүниеде бақытқа кенелтетін амал екенін айтып, бұл шара  әдетті үрдіске айналуы керектігін атап өтті.

Жиын барысында оқушылар арасынан үздік шәкірттер сарапталып, жүлделі орын алған талапкерлер естелік сыйлықтармен марапатталды, сонымен қатар байқау жеңімпаздарына сертификаттар ұсынылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат