Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ШҰҒЫЛ: Нұр-Мүбарак университетіне құжат тапсырған талапкерлер ҰБТ рұқсатнамасын 25 маусымға дейін алуы тиіс!

Айша КЕҢЕСБАЙ Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 14.06.2019 1496 0 пікір

Биыл талапкерлерді қабылдау ережелеріндегі өзгерістерге сай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік гранттарынан үміткер мектептің бұрынғы түлектері мен өзге де арнаулы орта және жоғары оқу орындары түлектері ЖОО-на 10 мамырға дейін құжат тапсырған болатын. Енді оларға Ұлттық бірыңғай тест емтиханынан өту үшін арнайы рұқсатнама шықты.

Сондықтан Нұр-Мүбарак университетінің Қабылдау комиссиясы талапкерлерге 25-ші маусымға дейін келіп рұқсатнаманы алу керектігін ескертеді.

Себебі 10 мамырға дейін Нұр-Мүбарак университетіне құжат тапсырған талапкерлер 29-30 маусым күндері ҰБТ бойынша емтиханнан өтеді.

Бұл олардың мемлекеттік білім грантына қаншалықты үміттене алатындығын айқындай түсетін алғашқы білім сынағы болмақ. Өйткені ҰБТ-дан кемінде 50 балл (Шетел тілі: екі шетел тіліне түсетіндер үшін 65 балл), оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.

Ал ҰБТ-дан соң шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау ЖОО-ға күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 7 шілде аралығында өтпек. Шығармашылық емтихан 8 - 13 шілде аралығында болады.

"Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерден құжат қабылдау және арнаулы емтихан өткізу ЖОО-ларда күнтізбелік жылғы 20 маусымнан – 14 тамыз аралығында өтеді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат