Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ БАС КЕҢСЕДЕ СЕНАТ ДЕПУТАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 14.06.2019 836 0 пікір

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас кеңсесінде Бас мүфти ҚР Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершовпен кездесті.

Кездесуде ұлтаралық, дінаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту, азаматтардың діни сеніміне құрмет көрсету, діни төзімділік құндылықтарын насихаттау сынды мәселелер сөз болды.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Сергей Михайловичке мүфтияттың қайырымдылық, халықтың діни сауатын ашу, деструктивті діни ағымдардың теріс үгіт-насихаттарынан жастарды сақтандыру сынды бірқатар жұмыстарын баяндап берді.

Өз кезегінде Сенат депутаты дінаралық, ұлтаралық келісімді нығайтуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамдағы орны мен рөлін айрықша атап өтті.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат