Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті

kazislam.kz 12.06.2019 515 0 пікір

Кеше Жамбыл облысы әкімінің орынбасары С.Құрманбекованың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің (ары қарай — Кеңес) кезекті отырысы өтті. Отырысқа Кеңес мүшелері, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдіктерінің ішкі саясат, білім бөлімі басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде «Облыс әкімдігі білім басқармасымен орта білім беру ұйымдарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған жұмыстары туралы» қаралып, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетова баяндама жасады. С.Құрманбекова Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы №500 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес, білім беру саласында атқарылуы қажет бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

Сөз соңында, С.Құрманбекова Кеңес мүшелеріне атқарылған істердің аз еместігін, алайда алда атқарылар істердің одан да көп екендігін және осы бағыттарда бірлесіп, жұмыс жасау қажеттігін нақтылап кетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат