Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БҚО: Спорттық шара өтті

Тәжиден Батырұлы» мешітінің баспасөз қызметі 11.06.2019 699 0 пікір

Жақында «Тәжиден Батырұлы» мешітінің ұйытқы болуымен мешіт қызметкерлері мен жамағаттары арасында спорттық жарыс болып өтті.

Спорттық жарыста күрес, кір тасын көтеру, арқан тартыс, футбол ойындарынан жарыс өткізілді.

Алдымен шара теңбілдоп ойынымен басталды. Командалар да бір-біріне дес бермеді. Жарыста қыза түсіп балуандар сайысы да тартымды өткізілді. Балуандар бір-бірімен белдескен кезде, амал-тәсілдерімен ерекше көзге түскен, жалынды жастардың белін қайыстырған жастар жетерлік.

Жиылған жамағатқа дастархан жайып «Тәжиден Батырұлы» мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов «Бірлік, ынтымақ» жайында уағыз айтып, ауызбіршілікке шақырды.

Дастархан басында қалалық мешітінің наиб имамдары Әсет Романқұлов пен Ерген Құмаров уағыздар айтып, жиналғандар қауымның қойылған сауалдарына жауап берді. 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат