Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БҚО: Әкім орынбасары жамағатпен жүздесті

«Тәжиден Батырұлы» мешітінің баспасөз қызметі 07.06.2019 757 0 пікір

Кеше «Тәжиден Батырұлы» мешітіне Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов келіп мешіт жамағатын Ораза айт мерекесімен құттықтады.

"Ораза айт – ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани құндылықтардың бірі. Осы қасиетті күні көпшілік бір-біріне ақжарма тілек арнап, өткен реніштерін кешіреді. Ендеше, баршаңыздың ұстаған оразаларыңызды, тілеген дұғаларыңыз бен жасаған ғибадаттарыңыз қабыл болсын, - деді бас имам Мейрамбек Абдрахманов.

Айт намазынан кейін мешіт ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдеріне дастархан жайылып, қалалық мешітінің наиб имамы Наурыз Убаев, Махамбет Мұқанғалиев уағыз-насихат айтты.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат