Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Таразда діни конференция өтті (ФОТО)

kazislam.kz 08.05.2019 225 0 пікір

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Достық үйінде» «Конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбында облыстық конференция өтті.

Аталған шараға облыс аумағында қызмет атқаратын Ислам, Христиан бағытындағы діни бірлестіктері мен филиалдары, этно-мәдени бірлестіктері мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Жиынға төрағалық еткен облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров:

«…Қазақстан Республикасы – әрбір азаматтың өз пікір еркіндігін құрметтейтін, олардың діни сенім бостандығына қарамастан азаматтардың тең құқылығына кепілдік беретін, Казақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін діннің мәдени және тарихи құндылығын танитын әрі конфессияаралық келісімнің маңыздылығын, діни төзімділік пен діни көзқарасын құрметтейтін мемлекет»,-деп атап өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл ислам дінінің ұлағатты да тәрбиелік қағидаларында әрбір мұсылман үшін дінаралық татулық пен үйлесімнің міндетті екенін жеткізді.

Мұсылман қауымы өзге конфессия өкілдерімен бейбіт өмір сүрудің мән-маңызын ерекше бағалайтынын атап өтті.

«Шымкент және Тараз Епархиясы Успение Божией Матери соборының приходы» жергілікті діни бірлестігінің басшысы, протоиерей Власенко Юрий Павлович конфессияаралық келісім – Қазақстан халқы үшін өзара түсіністікті қажет ететін қастерлі құндылық екенін, әр түрлі конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық таныту саясаттан бөлек адамгершілік құндылық болып табылатынын жеткізді.

Сонымен қатар, өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Абдурахман Юлдашевич Зайнутдинов, Жамбыл облысы «Вынхуа» дүнген мәдени орталықтарының қауымдастықтары» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары, ҚХА «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнуддин Абдулбахтиярович Махусеев те сөз сөйлеп, Қазақстан Халқы ассамблеясы институтының, этносаралық татулықты сақтаудың мән-маңызы жөнінде баяндап өтті.

Жиынға қатысушылар конфессияаралық келісімді орнату, бейбітшілік пен өзара төзімділік құндылықтарын насихаттау арқылы Қазақстан әлемдік саясатта жоғары құрмет пен беделге ие болғанын, жаһандық алаңда көптеген елдердің сенімді әріптесіне айналғанын атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат