Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

XIX ғасыр мешіті ашылды

kazislam.kz 08.05.2019 700 0 пікір

Солтүстік Осетияның Эльхотово елдімекенінде XIX ғасырда салынған мешіт қайта жөндеуден өтті, деп хабарлайды Интерфакс.

Аймақ басшысының баспасөз қызметі жетекшісі Вячеслав Битаровтың хабарлауынша, ғибадатхана «халықтар бірлігіне, ғасырлық дәстүрлер мен руханияттың жаңғыруына» ықпалдасатын болады.

«Эльхотово ауылының жаңарған көне мешіті туған жеріміздің тыныштығына кепіл болып, халықтар бірлігінің, руханияттың, сан ғасырлық дәстүрлер жалғастығының негізіне айналып, ұлтаралық және конфессияаралық араздықтың алдын алады деп ойлаймыз. Біз мешітке қарап құрылысшылардың, сәулетшілер мен суретшілердің ғибадат үйін көркемдеуге күш салғанына куә болдық» дейді В.Битаров.

Эльхотово мешіті 1899 жылы салынған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ғибадатхана толықтай қираған. Көне мешіт мұсылман жамағаты мен кәсіпкерлердің қолдауымен қайта қалпына келтірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат