Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Бас мешітте Рамазанның алғашқы күні 600 жан ауыз ашты (ФОТО+ВИДЕО)

muslim.kz 08.05.2019 388 0 пікір

Ашылғалы бері қасиетті Рамазан  бойы жамағатқа тегін ауызашар дастарханын ұйымдастырып келе жатқан Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті биылғы жылы 600 жанға дастархан жайды. Мешіттің төменгі қабатындағы мейрамханаға ақшам намазынан соң Алла разылығы үшін ауыз бекіткен мұсылман жамағаты лық олып, берекелі дастархан басында бас қосты.

Ауызашар дастарханының алғашқы қонақтарын ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы өзі қарсы алып, ізгі тілегін жеткізді. Ұлық айдың қадір-қасиетін түсіндіріп, оразаның ұлықтығын баяндаған наиб мүфти уағызы жамағат үшін бүгінгі кештің рухани азығы болды.

Жылдағы дәстүр бойынша биылғы жылы да Бас мешіттегі ауызашар дастарханына Қарттар үйі мен балалар қалашығы, зағиптар қоғамы, мүгедектер қауымдастығы секілд түрлі әлеуметтік ұйым өкілдері, ұастаздар мен дәрігерлер қауымы, спорт және мәдениет өкілдері, қаламыздағы белсенді жастар, түрлі жұмысшылар тобынан арнайы қонақтар шақырылып отыратын болмақ. Бұл үшін мешіт бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен арнайы биылғы жылы «Берекелі Рамазан» дастарханы жайылып отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат