Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Қаратал» аудандық орталық мешіті(Суреттер)

«Қаратал» аудандық орталық мешіті

«Қаратал аудандық орталық мешіт». Үштөбе қаласы  Қабанбай көшесінде салынған.  Құрылысы 2004 жылы сәуірде  айында басталып, 2005 жылдың қазанында пайдалануға берілді.  Оны  салған бес азамат, олар Серікжан Бескемпіров, Асылбек Пұсырманов, Қасенхан Башенов, Алмаз Қазанғапов, Базархан Байтаев.

Мешіт жобасын әзірлеген Қаратал ауданының сәулетшісі Ильяс Мәмбетбаев.

Мұнарасыз. Бір үлкен 4 шағын күмбезі бар. Ауласы темір шарбақпен қоршалған. Ауласына шым төселіп көгалдандырылған. Екі қақпасы бар, тротуар айналасы көгалдандырған. Күмбез астында және ауласына жарық бергіш шамдар қойылған.

Жер аумағы 800,  жалпы көлемі 128,9 шаршы метр. 100 адамға арналған, 3 бөлмеден тұрады: Намаз оқитын зал 79,1 шаршы метр. имам бөлмесі 17,5. кіреберіс дәлізі 14,8 шаршы метр. Құлшылық үйіне бір түсті кілемдері төселген, үш сатылы мінберы бар.

Осы облыстағы мешіттер