Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ақтөбе медресе колледжі

26.02.2019 871 1 пікір

 

«Ақтөбе медресе колледжінің» инфрақұрылымы

 

Оқу орнының толық атауы мен мекен-жайы: «Ақтөбе медресе колледжі» жеке мекемесі, Қазақстан Республикасы, 030200, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылы, Алға көшесі 58 үй.

Тіркеу органы: Ақтөбе қаласы, ҚР-ның Әділет Министрлігінің 12.08.2016 жылы қайта тіркеу туралы куәлігі №267-1904-04-М-е. БСН 960540000690

Мемлекеттік лицензияны берген орган: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі.

Лицензияның берілген күні,нөмірі: 20.12.2016жыл,№ KZ16LAA00007964

 

 

Оқытушылардың құрамы

Медреседе 12 оқытушы сабақ береді. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мысыр елінің «Әл-Әзхар» университетінің арасындағы келісімшарт негізінде келген 1 араб оқытушы сабақ береді. 4 оқытушының магистрлік (дінтану магистрі) дәрежесі бар. Оқытушылардың барлығы жоғары білімді. Оқытушылардың білімі, мамандану деңгейі жүйелі білім беру талаптарына сай, мамандықтары оқытатын пәндеріне сәйкес келеді

 

 

Материалдық-техникалық базасы

Оқу корпусы 2 қабаттан тұрады. Құрылыс ауданы 774,7 шм2 , жалпы алаңы 1371,2 шм2. Алаңда аумағы 360,4 м2 болатын 150 адамдық асхана орналасқан. Биылдан бастап аумағы 670 шм2  болатын спорт залының құрылысы басталды.

 

 

Оқу ғимаратының жанында  арнайы студенттерге  арналып салынып жатқан 0,0948 га жасанды көгалдарндырылатын, төбесі ашық футбол алаңы бар.


 

Ғимараттың бірінші қабатында – оқу аудиториялары, әкімшілік, оқытушылар бөлмесі, медициналық пункт, намазхана, санитарлық торап, қойма орналасқан. Екінші қабатында – кітапхана, компьютер класы, АКТ залы, жатақхана бар.

Оқу корпусы оқу үдерісіне қажетті жихаздармен, интерактивті тақтамен, компьютер сыныбымен, интернет желісімен толығымен жабдықталған. Медресе асханасында (тегін) күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріледі.

 

- 150 орындық асхана – 360,4 м2;  

  

 

 

  • АКТ залы;

 

 

- Арнайы және гуманитарлық пәндер кабинеті

       

 

- Кітапхана – 33,1м2,  кітап қорының  саны - 4080 дана;

 

 

  • Компьютер сыныбы– 35,3 м2, колледж медреседе барлығы  18 компьютер,  барлығы  интернет желісіне қосылған.

 

 

 - Әкімшілік және оқытушылар бөлмесі

 

 

  • Оқу ғимаратының 2-ші қабатында орналасқан жатын бөлме саны – 6, жатын орнынның саны – 80.

 

   

Басқа да тұрмыстық жайлары

  • Намазхана мен дәліздер;

      

  

 

  • Ыстық және суық сумен қамтамасыздандырылған жуыну және кір жуатын бөлмелері;

         

 

  • Оқу ғимараты мен құрылымдарды жылыту жүйесі – табиғи газбен;

 

 

 

 

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Бахтияров Серик | 27.02.2019 09:25

Субхан Алла