Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ЕРЖАН МАЛҒАЖЫҰЛЫ МАЯМЕРОВ


ЕРЖАН МАЛҒАЖЫҰЛЫ МАЯМЕРОВ

1972 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі:

1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған.
 
1991-1992 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат және заң факультетіне оқуға қабылданып, осы оқу орнын 2006 бітірген.
 
2006-2008 жылдар аралығында Мысыр елі мүфтиятының пәтуа шығару бөлімінде білімін жалғастырды. 
 
Еңбек жолы:
 
2008 жылы Семей қалалық Доланбай ата мешітінің бас имамы қызметін атқарған. 
 
2011 жылы 10 қазанда Ержан Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкіл имамы қызметіне бекітілді. Өкіл имам қызметін 2013 жылға дейін абыроймен атқарды.
 
2013 жылдың 19 ақпанында Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс өткен VII құрылтайында бірауыздан Бас мүфти лауазымына сайланды.
 
2018 жылдан бастап Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректорының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
 
Отбасылы, екі ұл, үш қызы бар.